14 жасар қазақстандық теннисші ITF турниріндегі алғашқы кездесуін өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы Ұлттық теннис орталығында ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің іріктеу матчтары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Жарыстың алғашқы күні қазақстандықтардан бірінші болып Дана Байдәулет шықты.

Ол ресейлік Анастасия Гасановамен (254 WTA) кездесіп, есеп 0:6, 2:5 болған кезде бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Жуырда ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанған 14 жасар Ариана Гогулина ITF додасындағы бастапқы кездесуін өткізді. Ол бірден әлемнің 272-ракеткасы, тәжірибелі беларусь спортшысы Юлия Готовкоға тап келді. Бірінші сетте Готовко басым түсті – 6:2. Екінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Гогулинаның брейк жасайтындай мүмкіндігі болды. Алайда соны жүзеге асыра алмады – 3:6.

Сондай-ақ 15 жасар Альбина Кәкенова ресейлік Ксения Ласкутоваға (509 WTA) есе жіберді – 0:6, 0:6. Мария Синицына ресейлік Татьяна Прозороваға (316 WTA) жол берді – 2:6, 1:6. Ал Жанель Рүстемова тағы бір ресейлік Екатерина Яшинадан (390 WTA) ұтылып қалды – 2:6, 3:6.

Дегенмен негізгі турнирде Қазақстаннан Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Анна Данилина, Аружан Сағындықова өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің теннис тарихында рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғары көтерілді.


Соңғы жаңалықтар