14 желтоқсан күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 14 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады. 

Астана
Фото: Kazinform

9.00-де QazPatent ғимаратында «Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы» жобасының ұлттық форумы өтеді.

10.00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

10.00-де Ұлттық музейде «Жәкен Таймағамбетов және Еуразия палеолитінің мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.

11.00-де Мәжілістің конференц-залында АӨК қаржыландыру жүйесін жетілдіру, оның ішінде жеке екінші деңгейдегі банк (Агробанк) құру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қоғамдық дамудың түріктік жолы: «Жаңа Қазақстан» кітабының тұсаукесері өтеді.

11.30-да Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті «Жалпыға бірдей декларациялау: нақты жай-күйі, перспективалары және проблемалық мәселелерін қарау» тақырыбы бойынша отырыс өткізеді.

15.00-де Мәжілісте қазақтың спорттық бағыттағы жылқы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері жөніндегі заң жобасының тұсаукесері өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Қоштасқым келмейді» музыкалық драмасы қойылады.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қыз жиырмаға толғанда» мелодрамасы қойылады.

Соңғы жаңалықтар