14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, оңтүстік-шығыста қар жауады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Кей жерлерінде тұман, көктайғақ,  желдің күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман,  желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ болады.  

Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар