14 жыл бұрын кісі өлтірген қанды қол қылмыскер ұсталды - ІІМ

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 14 жыл бұрын кісі өлтірген қанды қол қылмыскер ұсталды. Бұл туралы бүгін елордада ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

14 жыл бұрын кісі өлтірген қанды қол қылмыскер ұсталды - ІІМ

«Криминалдық полиция қызметкерлері Қарағанды облысының Балқаш қаласында адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады», - деді ол.

Н.Ораздың айтуынша, осыдан 14 жыл бұрын, 1997 жылғы маусымда ол мас болып өзінің жерлесінің жүрек тұсына пышақ жарақатын салған. Қылмыс жасаған күдіктіге іздеу жарияланған. «Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен ата-анасының үйіне келген кезде құрықталды», - деді ІІМ өкілі.