14 жылда 84 млн.-ға жуық қазақстандық шет елде демалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан туризм индустриясын дамытып жатқан көптеген елдің туристік доноры болып табылады.
Бұл туралы Фейсбуктағы парақшасында ҚР Инвестиция және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали жазды.
2001-2015 жылдары Қазақстанға келген резиденттер болып табылмайтындар саны 59 489 294 адамды құрады.
Өз кезегінде, 2001-2015 жылдары ел аумағынан шет елдерде демалуға 83 771 998 қазақстандық шыққан.
15 жылдағы жағымсыз айырма - 24 282 704 адам. Мұндай үрдістің басты салдары ел капиталының сыртқа кетуі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстаннан сыртқа шыққан туристер саны елге келушілерге қарағанда 1,5-2 есе асып кетті және елдің төлем балансында туристік сальдо үнемі теріс болуда. 2015 жылы сальдо минус 400 миллион долларға жетті.