140 сүңгуір Янцзы өзенінде суға батқан кемеден әзірге 6 адамды шығарды

Қытайлық әскери-теңіз күштері оқиға орнына 140 сүңгуірден құрылған команданы жіберді.
Олар суға батып кеткен кемеде тірі қалған кем дегенде алты адамды тапты. Қазіргі кезде адамдарды судан шығару әрекеттері басталды, деп хабарлайды «Жэньминь жибао» газеті.
Әзірге, құтқарылған 18 адам туралы белгілі - олардың көбі жағаға дейін өздері жүзіп келді. Кемеде болған бес адамның қаза тапқаны расталды, деп жазады «Медуза».
Құтқару жұмыстарын ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян басқарып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні Бейжің уақыты бойынша шамамен сағат 21:30-да Янцзы өзенінде Шығыс Қытайдың Цзянсу провинциясының әкімшілік орталығы Нанкин қаласынан Чунцинға (оңтүстік-батыс Қытай) бара жатқан кеме апатқа ұшырады. Оның ішінде 458 адам болған, соның ішінде 406 турист, туристік компанияның 5 қызметкері және экипаждың 47 мүшесі болған. Оқиға ауа райының қолайсыздығынан, құйыннан болған деген болжам айтылды.