«1414» байланыс орталығы уақытша жұмыс істемейді – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Техникалық себептерге байланысты Әлеуметтік қызметтер порталының (aleumet.egov.kz) жұмысы бойынша консультациялық қызметтер көрсететін «1414» байланыс орталығының нөмірі (№5 түймені таңдау) уақытша қолжетімсіз. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«1414» байланыс орталығы уақытша жұмыс істемейді – министрлік

Осыған байланысты азаматтар операторлардың ұялы нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады.

Әлеуметтік қызметтер порталы жұмысының мәселелері бойынша келесі нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз:

+7 (708) 114 8762; +7 (708) 114 8769; +7 (708) 114 8754;

+7 (778) 550 4803; +7 (778) 170 6938; +7 (747) 710 5789.

Сондай-ақ жоғарыда аталған нөмірлер бойынша өтініштер «Whatsapp» және «Telegam» мессенджерлері арқылы қабылданады.

Байланыс орталығының жұмыс тәртібі сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін өзгеріссіз қалады.