1414 Бірыңғай байланыс орталығы бір мезгілде мыңнан астам адамға қызмет көрсете алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «ҰАТ» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бір уақытта 1 мыңнан астам абонент қажетті сұрақтарына кеңес ала алады. Бұл шаралар коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай тәртібінің енгізілуіне, сондай-ақ инфекцияның таралмауына жол бермеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шараларын енгізуге байланысты қабылданды. Қазіргі жағдайға байланысты, Цифрлық даму министрлігі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға кеңес береді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді. Қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы бот арқылы алуға болады», делінген хабарламада.

Осы орайда мемлекеттік қызметтерді алу барысына қандай да бір қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда, азаматтар 1414 Бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады. Қоңырау соғу тегін.

Бірыңғай байланыс орталығының күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуі үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ фронт-кеңселерінің 600 қызметкері жұмысқа тартылды. Жақын арада олардың санын арттыру жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар