142 кірме темір жолды мемлекетке қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 25 компанияға тиесілі 142 кірме темір жолды мемлекетке қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде экономиканы монополиядан арылту жөніндегі комиссия аясында «ЦТС» акционерлік қоғамына тиесілі 439 кірме жол мемлекет меншігіне берілді. 25 компанияға тиесілі 142 кірме жол анықталды. Оларға қатысты тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Бас прокуратура тағы 49 кірме жолдың иелерін анықтау бағытында жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы жұмыс экономикалық мақсаттылық ескеріле отырып жүргізілетін болады», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Бұған дейін Премьер-Министр еліміздің темір жол паркін жаңарту үшін қандай іс-шаралар қабылданатыны туралы мәлім еткен еді.


Соңғы жаңалықтар
telegram