147 қазақстандықтың атына 20-дан астам баспана тіркелген – Ләззат Ибрагимова
«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының деректері бойынша, 2021 жылдың аяғында 6,3 млн адамның меншігінде үй бар. 19 млн халық бар десек, соның ішінде 6,3 млн деген жаман статистика емес. Егер бізде 10 миллионға жуық экономикалық белсенді халық бар десек, 60 пайызының меншігінде үй бар болып шығады. Бұл тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы жақсы көрсеткіш. Егер құрылымына зер салсақ, 5,6 млн адамның бір басында жалғыз баспана бар. Журналистер менен «Отбасы банк» төрағасы ретінде «Бір басында екіден көп пәтер бар неше адам бар?» деп ылғи сұрайды. Қазақстанда ондай 717 мың адам бар. Бұларды орта санатқа еркін кіргізуге болатын шығар» -деді» Отбасы банк» басшысы.
Сондай-ақ, бір басында екіден артық баспанасы бар адамдардың құрылымына талдау жасалды.
«Яғни, екіден көп пәтері бар. Оның ішінде 607 мың адамның басында екі пәтер, 84 394 адамның атында 3 жылжымайтын мүлік тіркелген. 16 509 адамның атында 4 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелген. Бір басында 5 нысаны барлардың саны әлдеқайда аз – 4 823. 1 935 адамда 6 пәтерден бар. 742 адамда 7 пәтерден бар. Осылайша пәтер саны көбейген сайын адам саны азая түседі. Бірақ шамамен 147 адам бар, олардың атына 20-дан астам баспана тіркелген», - деді Ләззат Ибрагимова.