15-17 мамырда елдің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат -   Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-ның болжауынша,
None
None

15-17 мамырда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, 16-17 мамыр күндері Ақмола, Павлодар облыстарында күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, кей жерлерде 23 градусты көрсетеді.

Республиканың басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жел күшейеді, республиканың солтүстігінде ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді деп күтілуде. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысында кей жерлерде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алдағы тәуліктерде елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар