15,8 мың адам коронавирустан емін жалғастыруда – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 19 тамыз күнгі мәлімет бойынша коронавирустан емделіп жатқандардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15,8 мың адам коронавирустан емін жалғастыруда – министрлік

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 15 839 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 71 бала бар. Стационарларда 7 383 науқас жатыр. 8 456 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 366 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 90 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 59 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деді министрліктен.