15 ақпанда Бакуде «Евровидение - 2012» байқауын насихаттайтын БАҚ-тың аккредитациясы басталады
БАКУ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Жуырда Әзірбайжан астанасына фестивальдің даярлығына, жартылай финалы мен 26 мамырда өтетін финалына шақырылған журналистер мен жанкүйерлердің аккредитациясы басталады.
БАҚ өкілдерінің аккредитациясы байқаудың ресми сайты арқылы 15 ақпан күні сағат 15:00-де өтеді (Баку уақыты бойынша).
Аккредитацияға тапсырыс беру үшін тіркеліп, атаулы форманы толтыру керек. Журналистер мен жанкүйерлердің аккредитациясы 20 сәуірге дейін жалғасады.
Жыл сайын «Евровидение» өтетін елге 2 мыңнан астам журналистер мен жанкүйерлер келеді. Байқаудың басталуына дейін екі апта бойы олар даярлық, баспасөз мәслихаттары мен түрлі промо-акцияларға қатысады.