15 ақпанда елдің басым бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 ақпанда Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

15 ақпанда елдің басым бөлігінде күн ашық болады

Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман түсуі ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.