15 cәуірде қазақстандық телеарналарда жоспарлы алдын алу жұмысы жүргізілмейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 cәуірде қазақстандық телеарналарда жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша телерадиоарналарды ретрансляциялау сигналы уақытша тоқтатылмайтын болды.
«Жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік хабар тарату желілерінде техникалық құрылғылар қызметі жабылуына байланысты, 15 сәуірге межеленген тоқсандық жоспарлы алдын алу жұмыстары төтенше жағдай мерзімі аяқталғанша кейінге шегерілді. Айта кетейік, «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді» делінген хабарламада.
Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшінқажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді.
Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.