15 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 15 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
68 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Жоғары соты жанындағы Әділ сот академиясының ректоры Зәуреш Хамитқызы БАЙМОЛДИНА дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін, Саратов заң институты жанындағы аспирантураны, АҚШ-тың Рено қаласында Ұлттық сот колледжі жанындағы курсты бітірген.
Еңбек жолы: 1985-1994 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінде, оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, 1994-1996 жылдары ҚР Әділет министрлігі Бас басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу басқармасында экономикалық заңнама бөлімінің бастығы, басқарма бастығы, 1996-2005 жылдары Қазақ мемлекеттік заң институтының кафедра меңгерушісі, кәсіпкерлік-құқықтық факультетінің деканы, доцент, профессор, 2005-2006 жылдары ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2006-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы, 2008-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы, 2012-2017 жылдары ҚР Әділет министрінің орынбасары, 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (ОСК) болған.
Қазіргі қызметін 2019 жылдың қазан айынан атқарып келеді.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Ерен еңбегі үшін» (2008) медальдарымен марапатталған.
54 жыл бұрын (1970) Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Райхан Мұсалиқызы ҚОЙШАНОВА дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында туған. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1995-2005 жылдары Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, аса қауіпті инфекциялар зертханасының дәрігері, 2005-2007 жылдары Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ескертпелі санитариялық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2007-2010 жылдары Ақтөбе облысы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Ақтөбе қалалық бөлімінің санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары Ақтөбе облысы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Ақтөбе қалалық басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, 2012-2014 жылдары Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өнеркәсіптік, коммуналды объектілерді және радиациялық қауіпсіздікті санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2014-2017 жылдары Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өнеркәсіптік, коммуналдық объектілерді және радиациялық қауіпсіздікті санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы, 2017-2022 жылдары Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылғы желтоқсан айынан атқарып келеді.
48 жыл бұрын (1976) қазақстандық саясаткер, «Кто есть кто в Казахстане» ақпараттық-баспа жобасының жетекшісі, Қазақстан өмірбаяндық энциклопедиясының бас редакторы Данияр Рахманұлы ӘШІМБАЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1990-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасының кітапханашысы, 1993-2000 жылдары «Тұран-Азия» Холдинг-орталығының менеджері, бөлім басшысының орынбасары, қаржылық директоры, вице-президенті, 2000-2004 жылдары «Репутация» коммуникативтік технологиялар орталығының бас редакторы қызметтерін атқарған.
«Кто есть кто в Казахстане», «Казахстан 90-х. Правительство Кажегельдина: приватизация, коррупция и борьба за власть», «Выборы-2004 в Казахстане: шаг за шагом», «Социально-политические портреты государств Центральной Азии» кітаптарының авторы.
43 жыл бұрын (1981) Маңғыстау облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Бақтыбек Бақтығалиұлы ИСАЕВ дүниеге келді.
Атырау қаласында туған. Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2003-2006 жылдары Атырау облысы ІІБ бірінші бөлімшесінің полицей-мергені, 2006 жылы Атырау облысы ІІД аға инспекторы-мергені, 2006 жылы Атырау облысы ІІД Жол полициясы басқармасының жеке жол полициясы ротасының 2-взводының жол полициясы инспекторы, 2006-2011 жылдары Атырау облысы ІІД бірінші бөлімшесінің аға инспекторы-мергені, 2011 жылы Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қылмыстық топтары мен қауымдастықтары әзірлеу бөлімшесінің жедел уәкілі, 2011-2012 жылдары Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қылмыстық топтар мен қауымдастықтарды әзірлеу жөніндегі тобының жедел уәкілі, 2012-2013 жылдары Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының адам саудасына қарсы күрес жөніндегі тобының жедел уәкілі, 2013-2015 жылдары Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының адам саудасына қарсы күрес жөніндегі тобының аға жедел уәкілі, 2015 жылы Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қылмыстық топтар мен қауымдастықтарды әзірлеу бөлімінің бастығы, 2015-2016 жылдары Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2016-2017 жылдары Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, 2017-2018 жылдары Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, 2018-2019 жылдары Атырау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, 2019-2020 жылдары Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының криминалды қылмыскерлерді іздестіру бөлімінің бастығы, 2020 жылы Көліктегі ПД Атырау станциясындағы ПД бастығының орынбасары м. а., 2020-2021 жылдары Көліктегі ПД Атырау станциясындағы ПД бастығының орынбасары, 2021-2022 жылдары Көліктегі ПД Атырау станциясындағы ПД бастығы, 2022 жылы Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылғы қазан айынан атқарып келеді.
37 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, экономикалық реформа және өңірлік дамыту комитетінің мүшесі Динара Аманжолқызы ШҮКІЖАНОВА дүниеге келді.
Қостанай облысы Қарасу ауданында туған. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2008 жылы Рудный қаласындағы «ССКӨБ» АҚ бөлімшесінде бухгалтер, 2009-2011 жылдары жеке компаниядағы персонал жөніндегі менеджер, жеке кәсіпкер, 2011-2014 жылдары «Агромашхолдинг KZ» АҚ маркетинг жөніндегі менеджер, баспасөз хатшысы, HR-басқармасының бастығы, 2016-2018 жылдары «Агромашхолдинг KZ» АҚ ұйымдық даму жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2018 жылы «Агромашхолдинг KZ» АҚ Басқарма төрағасының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі орынбасары, 2018-2022 жылдары «Агромашхолдинг KZ» АҚ Атқарушы Директорының бірінші орынбасары, компанияның бірінші вице-президенті, 2022 жылы «Агромашхолдинг KZ» АҚ президенті болды.
Қазіргі қызметін наурыз айынан атқарып келеді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.