15 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің екпіні күндіз 25 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, желдің күші 25 м/с дейін артуы мүмкін, Бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, күші күндіз 23 м/с дейін жететін жел болжанады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Алматы, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Павлодар облысының батысында жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.