15 мамыр күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 15 мамыр күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

24 қараша күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
Фото: Kazinform

9.00-де ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында ядролық медицина бойынша «Қазақстандағы тераностика: жол басы» ғылыми-қолданбалы конференциясы өтеді.

9.30-да Астана қаласы әкімдігінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат – Адал Еңбек – Адал табыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Тәуелсіз Қазақстанның ағашқы Қорғаныс министрі, Халық Қаhарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай, «Жас Сарбаз – патриоттар ордасы» жобасының ашылуы өтеді.

10.00-де Maqsut Narikbayev University-де Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Maqsut Narikbayev University арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

11.00-де Халық Қаһарманы Р. Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Рейхстагқа ту тіккен қаһарман» атты еске алу кеші ұйымдастырылады.

15.00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың және Германия экономикасының Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхаузердың қатысуымен Берлин Еуразиялық клубының 40-шы мерейтойлық отырысы өтеді.

16.00-де Әскери бөлімдер, өңірлердегі әскери комиссариаттар және «Ауыл» партиясының аймақтық филиалдары отан алдындағы борышын атқарып жүрген сарбаздардың ата-аналары, туған ауылы және ауыл мектептері арасында видеобайланыс форматында «Сарбаз сәлемі!» телеүндесуін өткізеді.

17.15-те ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде «2023-2024 оқу жылының қорытындылары туралы» баспасөз конференциясы өтеді.