15 мамырда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

15 мамырда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Фото: Парламент

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

— Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, — деп жазылған Өкім мәтінінде.