15 маусымда салық жүйесінің кейбір қызметі уақытша істемейді

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кірістер комитеті «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесіне» қатысты маңызды хабарлама жасады.

Бүгін түнгі уақытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ виртуалдандыруында «Салық төлеушінің кабинеті» АЖ уақытша жұмыс істемейді – комитет
Фото: ortcom.kz

Комитеттің мәліметінше, 15 маусымда жүйеде техникалық жұмыстар жүргізіледі.

— ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 маусымда сағат 01.00-ден 05.00-ге дейінгі кезеңде «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» (СӘИЖ) ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар («Интеграциялық шина» модулі) жүргізілетін болады. Осыған байланысты, жоғарыда аталған кезеңде «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» АЖ (СӘИЖ АЖ) сервистерінің бір бөлігі қолжетімсіз болады, — деп түсіндірді ведомство.

Бұған дейін Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мобильді аударымдар бойынша 1 миллион теңге шектеу қою туралы бастамаға қатысты түсінік берді.

Соңғы жаңалықтар