15 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

15 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

10.00-де Назарбаев орталығында «El Umiti» корпоративтік қоры ҚР Оқу-ағарту министрлігімен және Дарындыларды қолдаудың еуропалық кеңесімен біріге отырып «Балалар мен жастардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелер» І халықаралық психологиялық форумын өткізеді. Шара қабілеттер мен дарындылық психологиясы саласының зерттеушілері мен практиктерінің басын біріктіріп, балалар мен жастардың әлеуетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған.

11.00-де Астана қаласының ПД кинологиялық қызметі орталығында қызметтік иттерді үйрету туралы брифинг өтеді. Спикер: Кинологиялық қызмет орталығының бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Мырзахметов.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Шымкент қаласының әкімі Айтенов Мұрат Дүйсенбекұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.40-та Radisson Hotel Astana қонақ үйінде дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирі қарсаңында баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мерзімді қызмет өткерген азаматтарға жоғары білім алу жеңілдіктері: алғашқы іріктеу қорытындысы» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Төлембаева Айгүл Нұралықызы; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің академиялық сұрақтар бойынша проректоры Мақыш Серік Биханұлы; «Intelligent Data Solutions» ЖШС басқарушы директоры (Срочники 2.0 сайтының модераторы) Серікбекұлы Асхат; «Аналар жүрегі» cарбаздар аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лилия Хайруллина. Ескерту:Мерзімді қызметтің 12 548 әскери қызметшісі арасында азаматтық жоғары оқу орындары есебінен тегін білім алуға бөлінген 1500 орын баспасөз мәслихатының тікелей эфирінде автоматты таңдау арқылы іріктеледі. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

17.00-де «AyKun» қонақ үйінің конференц-залында Ұлттық агроқозғалыс төрағасы Алмасбек Садырбайдың модераторлығымен «Малшылар күні» мерекесі. Жыл қорытындысы» атты дөңгелек үстел өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.