15 маусымға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз, жекелеген аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

15 маусымға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында аптап ыстық әрі құрғақ ауа райы сақталады.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетеді және шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең жекелен жерлерде тұман тұрады, желдің екпіні 15-20 м/с.

Болжам бойынша Атырау, Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарда аптап ыстық сақталады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында кей жерлерде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Жақын 3 тәулік ішінде оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың және шығыстың тау маңындағы өзендерінде судың көлемі ауытқиды, жаңбыр түсетіндіктен, жекелеген өзендерде жұмсалатын судың көлемі артпақ. Еліміздің басқа су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс байқалмайды деп күтілуде.