15 мың қыз адам папилломавирусына қарсы екпенің екінші дозасын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда адам папилломавирусына (АПВ) қарсы иммундау бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда вакцинациялаудың бірінші кезеңі шеңберінде 11-13 жас аралығындағы 132 мыңнан астам қыз өтті, 15 мыңнан астамы вакцинаның екінші дозасын алды.

15 мың қыз  адам папилломавирусына қарсы екпенің екінші дозасын алды
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Науқан басталғаннан бері 147 мыңнан астам қыз вакцинациялаудың толық курсын аяқтады. Барлық екпе алған жағдайдың арасында жағымсыз кері реакциялар тіркелген жоқ. Вакцина қауіпсіз, жақсы төзімді және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы профилактиканың тиімді әдісі ретінде ұсынады, — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

АПВ-ның жоғары қауіпті онкогендік түрлері, атап айтқанда 16 және 18 — жатыр мойны обырының дамуының негізгі себебі. Вакцинациялау тұрақты иммунитетті қалыптастыруға және болашақта аурудың дамуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Жыл сайын әлемде жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 2 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі.

Ұлттық АПВ-ға қарсы вакцинациялау бағдарламасы жоспарлы түрде жүзеге асырылады және 11-13 жас аралығындағы барлық қызды қамтиды. Қазақстан онкологиялық ауруларды азайту және әйелдер денсаулығын сақтау мақсатында осы тәжірибені енгізген 135 елдің бірі болды. 

Айта кетелік елде кімдерге пластикалық ота тегін жасалатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар