15 минутта жүрегі төрт рет тоқтап қалды: Дәрігерлер науқасты аман алып қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылық дәрігерлер 15 минут ішінде жүрегі төрт рет тоқтап қалған науқасты аман алып қалды.

Науқасты аман алып қалды
Фото: Алматы денсаулық сақтау басқармасы

Алматы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,42 жастағы ер адам қалалық кардиология орталығына жедел жәрдем бригадасымен жедел миокард инфарктісімен жеткізілді.Қабылдау кезінде науқастың жүрегі тоқтап қалған.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Ғани Бугираевтың айтуынша, науқастың жүрегі 15 минут ішінде өміріне қауіп төндіретін аритмиямен төрт рет тоқтаған.

Ауыр жағдайға қарамастан, реаниматологтар жүректің жұмысын қалпына келтіре алды.

Тамырлардың сыни тұрғыдан зардап шеккенін білгеннен кейін дәрігерлер жүрек бұлшықетіндегі қан айналымын қалпына келтіру үшін шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады.

«Мұндай жағдай тек кәсіби дағдыны ғана емес, психологиялық тұрақтылықты да қажет етеді. Сәтті хирургиялық араласудан кейін науқастың жағдайы тұрақталып, ол үйге шығарылды»,- деді дәрігер.

Осыған дейін, Алматы облысының дәрігерлері төрт рет жүрегі тоқтап қалған, жаңа босанған ананы аман алып қалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар