15 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала оқумен қамтылған

None
None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Арнайы түзету ұйымдарының желісінде 15 854 мүмкіндігі шектеулі бала білім алуда, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі Pm.kz сайты үшін.

«Жалпы білім беретін мектептер жанындағы арнайы сыныптар желіcі артуда. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру ортасына ықпалдасуына мүмкіндік береді. Арнайы сыныптар желісі 57 бірлікке артық, балаларды қамту 641 адамға көбейді», - делінген ведомство ақпаратында.

Сонымен қатар мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі 111 405 бала оқумен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар