15 наурыз күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM - Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 15 наурыз күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

24 қараша күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
Фото: Kazinform

11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Кедендік әкімшілендіру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. 

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

13.00-де Nazarbayev University (NU) Дүниежүзілік бүйрек күніне арналған конференция өткізеді.

14.30-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі дипломат, ғалым, ақын-жазушы Мұрсал-Нәби Тұяқбаевтың «Қазақстан-Франция мәдени дипломатия айшықтары» кітабының таныстырылымы өтеді.

15.00-де Астана қаласындағы Олимпиадаға дайындық штабында ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жараспаев пен Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов 2024 жылы Парижде өтетін ойындарға дайындық жөнінде министрлікке қарасты мекелемелермен кеңейтілген жиын өткізеді.

17.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР сақтандыру секторы дамуының қорытындылары» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы қойылады.

Соңғы жаңалықтар