15 наурызда Қазақстанда қандай ең маңызды оқиғалар болады

анонс
Фото: Kazinform

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 15 наурызда Қазақстанда болатын маңызды оқиғалардың анонсын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 11.30-да Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен денсаулық сақтау саласын дамыту перспективалары талқыланады деп жоспарланған.

15.00-де Аграрлық мәселелер комитетінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов депутаттарға су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ілеспе өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Су кодексінің жобасын таныстырады.

Сағат 17.00-де Ішкі істер министрлігі журналистерді «галстуксіз» бейресми кездесуге шақырады, онда вице-министр Айдар Сайтбеков пен ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев БАҚ өкілдерімен кездеседі. Өтетін орны: Тәуелсіздік даңғылы, 1.

АЛМАТЫ

Сағат 14.00-де Қазақстан баспасөз клубында баспасөз мәслихаты өтеді: «Балқаш көлі құрдымға кетіп барады! Іле-Балқаш регатасы қайта жандануда!». Өтетін орны: Самал-2, «SATTI» тұрғын үй кешені, №58, 1-кіреберіс, 2-қабат.

Соңғы жаңалықтар