15 наурызда Қызылорда облысында 378 референдум учаскесі жұмыс істейді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында аумақтық референдум комиссиясы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты дайындықты бастап кетті.

о
Фото: Қызылорда облыстық аумақтық референдум комиссиясы

Сол күні 9 аумақтық, 378 референдум учаскесі жұмыс істейді. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, қалғандары аудандарда орналасқан. 

- Облыс бойынша учаскелік референдум комиссиясының 2705 мүшесі қызмет атқарады. Учаскелер жабдықталып жатыр. Дауыс беру кабиналары арнайы ширмамен жабдықталып, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалады. Бұл ретте жергілікті әкімдіктермен бірлесе жұмыс атқарып жатырмыз. Аймақта 497 350 дауыс беруші азамат тізімге енгізілген, - деді облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.

Комиссия мүшелері оқып, біліктілігін арттырады. Қала және аудандардағы аумақтық сайлау комиссиясының 56 мүшесі мен учаскелердегі 1190 комиссия мүшесі көшпелі оқуға тартылады. Қалған комиссия мүшелері каскад әдісімен оқытылады.

- Бүгінгі күні Қызылорда облысында 23 қоғамдық бірлестік аккредиттациядан өткізілді. Олар референдум процесі кезінде бақылау жұмысын жүргізе алады, - деді комисси төрағасы. 

Еске салайық, Конституция жобасына қатысты референдум қорытындысы 21 наурызға дейін жарияланады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум