15 сәуір. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
126 жыл бұрын (1896-1938) қоғам және мемлекет қайраткері, күйші Ғабдол-ХакімНұрмұхамедұлыБӨКЕЙХАНОВ дүниеге келген.
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасында дүниеге келген. Бөкей ордасындағы Жәңгір хан ашқан мектепті, Орал әскери училищесін, Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. 1921-1922 жылдары Семей губерниялық атқару комитетінің және Семей, Ақмола губернияларының Ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы болған. 1925-1932 жылдары – Жер халкомының алқа мүшесі, Қарақалпақ атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ мақта комитеті төрағасының орынбасары. 1933-1937 жылдары КСРО мақта-трактор орталығы тресінің өкілі, Оңтүстік Қазақстан облысы Жер басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен тұтқынға алынып, 1938 жылы ақпанның 25-де атылды. Ол 1957 жылы толығымен ақталды. Ол дәстүрлі халық мәдениетінің қамқоршысы болған. А.В.Затаевичке қазақтың «Шалқыма», «Қос алқа», «Мерген», «Соқыр Есжан» күйлерін, «Екі жирен», «Атырау», «Қарашаш», т.б. жалпы саны 27 әнін жаздырып, Дәулеткерей, Салауаткерей және өзі тәрбиесін көрген Әлікей, Макар сынды халық композиторлары туралы құнды деректер берген.
Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы (қазіргі Жамбыл ауданы), Аманкелді ауылында туған.
Орта мектепті бітірген соң, біршама уақыт өз ауылының орталау мектебінде мұғалім болды. 1942-1943 жылдары Преснов аудандық комсомол хатшысы, 1942-1945 жылдары «Ленин туы» газетінде тілші, әдеби қызметкер. 1950 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік бітірді. Содан кейін республикалық жастар газетінің Қарағанды облысы бойынша тілшісі, 1952 жылы «Әдебиет және өнер» журналының бөлім бастығы, Қазақстан Жазушылар одағы проза секциясының меңгерушісі, 1955 жылы «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, 1958-1960 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1970-1975 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық алқасының басшысы болған. «Болашаққа жол» атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. Бұл туынды кейін «Инеш» деген атпен орыс тіліне аударылды. «Өмір нұры» атты повестер цикліне тақырыбы, идеясы жағынан өзекті бір желі, бір нысанаға бағындырылған алты повесть - «Мезгіл», «Қарғаш», «Өмір нұры», «Ит ашуы», «Мәжнүн тал» - кірген. «Қайдасың, Зарина?», «Қыр гүлі», «Әнім сен едің», «Марғау», «Төрт бойдақ, бір қыз», «Өкіл әке», «Түйе көтерген», «Аруана дүние» пьесалары көптеген қазақ театрларының сахнасында қойылып келеді. Үнді жазушысы Р.Тагордың «Күйреу», «Гәуірмақан» романдары мен «Алтын сағым» деген атпен жарық көрген әңгімелер жинағын, Л.Толстойдың «Альберт» повесін, беларусь драматургі А.Макаеноктың «Трибуналын», француз композиторы Эрве мен драматург А.Миляждың «Түлкі бикеш» комедиясын аударған. Р.Тагордың «Күйреу» романының аудармасы үшін 1984 жылы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығын, «Ағалардың алақаны», «Әдеби толқындар» атты кітаптары үшін 1988 жылы республиканың Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығын алды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы құрметті атағына ие болды. «Отан», «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталды. Петропавл қаласының Құрметті азаматы.
Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1960-1987 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды. Алғашқы фельетондар жинағы «Ешкімге айтпа» деген атпен 1962 жылы жарық көрді. «Шайтанның шатағы», «Қара сандық», «Маздаған шырақ», «Ұрының еншісі», «Ақпа құлақ», «Алатау», «Ақымақтың миы», «Түгел сөздің түбі бар», «Қым-қиғаш жылдар», «Қайран Ораз», тағы басқа кітаптары жарық көрді. Балғабек Қыдырбекұлы өз шығармаларында халық тарихын, ірі тұлғалар бейнесін сомдады. Қазыбек бек Тауасарұлының жазбалары деп саналатын қолжазбаны тауып, кітап етіп шығарды.
Білікті басшы, білгір ұйымдастырушы ретінде басылым беделінің артуына лайықты үлес қосты. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Республика Жоғарғы Кеңесінің бірнеше дүркін депутаты болып сайланды. Оның еңбегі Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының «Алтын Самұрық-2002» арнайы сыйлығымен атап өтілді. Қаламгердің атында туған ауылы, Алматы қаласында көше және журналистикалық сыйлық бар.
«Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Қызылорда облысы Арал ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститеті) бітірген.
Еңбек жолын Қазалы аудандық «Ленин туы», Арал аудандық «Толқын» газеттерінен бастаған. Кейіннен «Қазақстан» баспасының редакторы, «Жұлдыз» журналы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми, аға ғылыми қызметкері болған. Алғашқы өлеңі 1974 жылы сол кездегі жас ақындардың «Балауса» өлеңдер жинағына енген. Ақынның «Ғашықтар жыры», «Бозжорға» авторлық бейнетаспалары және «20 ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы поэзиясы» атты монографиясы және қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы жарық көрген. 300-ден астам өлең авторы. Ол Г.Гулиа, О.Берггольц, И.Абашидзе, С.Викулов, Ф.Алиева, тағы басқа ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. «Теңізден соққан жел» атты өлеңдер жинағы кітабын хинди тіліне Варьям Синх аударды.
Павлодар облысы Аққулы ауданындағы Жалтыр көлінің шығыс жағалауындағы шағын ауылда туған.
1970 жылы Семейдің педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, сонда философия және саясаттану кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген. 1973 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеудің Мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер болып білімін жетілдірген. 1974-1977 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінде аспирантурасын бітірді. 1978-1983 жылдары Семей педагогика институтында көркемсурет факультетінде декан, 1983-1989 жылдары - осы институтта философия кафедрасының меңгерушісі, 1989-1991 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының философия және құқық институтында аға ғылыми қызметкер, 1991-2001 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіндегі философия және ғылым методологиясы кафедрасының доценті, профессор, 1992-1998 жылдары - көркемсурет факультетінің деканы, 1998-2001 жылдары - философия және ғылымдар методологиясы кафедрасының меңгерушісі, 2001 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазМУдің философия және саясаттану факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 2007-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты болды. Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Философия кафедрасының меңгерушісі. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланған.
«Хакім Абай» (1994), «Санадағы таңбалар» (1994), «Абайдың дүниетанымы мен философиясы» (1996), «Прошлое в настоящем» (2003), «Адам - зат», (2003) сияқты кітаптардың авторы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген (орыс тілі және әдебиеті мамандығы).
Қызмет жолын 1993-1994 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ Қазақ радиосы Өнер және мәдениет редакциясының жетекші редакторы болып бастады. 1994-1996 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ Қазақ радиосы Жарнама бөлімінің жетекші маманы; 1996-2001 жылдары – «Хабар» агенттігі» ЖАҚ Жарнама бөлімінің редактор-үйлестірушісі; 2001-2002 жылдары – «Хабар» агенттігі» ЖАҚ Бағдарламалар дирекциясының Бас редакторы; 2002-2003 жылдары – «Хабар» агенттігі» ЖАҚ PR және маркетинг бөлімінің продюсеріі; 2003-2004 жылдары – «Хабар» агенттігі» ЖАҚ Коммерциялық дирекциясының Бас менеджері; 2006-2007 жылдары – «КТК»АҚ Компьютерлік технология және дизайн бөлімінің жетекшісі; 2007 жыл - «Хабар» агенттігі» АҚ-ның арнайы жобалар бойынша продюсері; 2007-2016 жылдары – «КТК» АҚ Бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі қызметінде – 2016 жылдан бері.
ҚР Президентінің Құрмет грамотасы, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен марапатталған.