15 сәуірде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 15 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

10.30-да М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында «Ломоносов-2022» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың XVII Халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Балалар жылы» аясында мектеп оқушылары арасында асық атудан ашық турнир өтеді.

11.00-де «Эко-Полигон Астаны» ЖШС-ның ұйымдастыруымен полигон кешенінің маңында санитарлық сенбілік өтеді, оған «Астана жастары» ЖРО-ның 100 волонтеры ат салысады.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрменің ашылуы өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР МСМ Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Ұлы дала тарихының жазбаша мұрасы» көрмесінің ашылуы өтеді. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, қоғам, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысады.

19.00-де Астана балет театрында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» махаббат поэмасы көрсетіледі.

19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында «La vie en rose» француз муызкасының кеші өтеді.


Соңғы жаңалықтар