15 сәуірдегі ауа райы болжамы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы кең көлемді антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты, ауа райының жауын-шашынсыз болатындығы күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Кей жерлерде желдің жылдамдығы күшейеді, жекелеген аудандарда ол шаңды дауылдарға ұласуы ықтимал. Тек республиканың шығысында, яғни Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады: жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Жамбыл облысының жекелеген аудандарында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұруы мүмкін. Маңғыстау мен Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл және 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұратындығы күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз кейбір аудандарда шаңды дауыл болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде де желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Ал Алматы облысының жекелеген аудандарында тұман түседі деп күтілуде.
Жақын тәулікте Алматы облысының өзендерінде су деңгейі ауытқуы мүмкін.