15 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 шілде күні Қазақстанның бүкіл территориясын антициклон анықтайды, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде жел күшейеді, жекелеген аудандарда шаңды дауылмен болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

15 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады

Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с жел күшейеді. Түнде Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, таңертең және күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жекелеген аудандарында найзағай болады.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.