15 шілде. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1957) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Дуйсенғазы Мағауияұлы МУСИН дүниеге келді.
Семей облысының Жарма ауданы Ильинка ауылында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1979) агроном мамандығы бойынша; қазақ гуманитарлық заң университетін (2004) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:1985-1988 жылдары – ШҚО Жарма ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, 1993 жылы Жарма ауданы Жарық ауылы асыл тұқымды кеңшар директоры, 1996 жылы «Қалбатау» асыл тұқым зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2001 жылы ШҚО Жарма ауданының әкімі, 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының әкімі болды. Сенат депутаты болып сайланғанға дейінгі соңғы қызметі – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аграрлық мәселелер бойынша орынбасары.
2017 жылғы маусымда ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
64 жыл бұрын (1958) Қарағанды индустрия университетінің ректоры Болатбек Серікбайұлы ӘБДІРАСЫЛОВ дүниеге келді.
Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі. Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын және Мәскеу Экономика және статистика университетінің Қашықтан оқыту институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1980-1986 жылдары – Мәскеу облысындағы СССР ҒА Биофизика институтының стажер-зерттеушісі, аспиранты. 1986-1994 жылдары – Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының оқытушысы, доценті, деканы, проректоры. 1994-1996 жылдары – Ресей ҒА Жасуша биофизикасы институтының аға ғылыми қызметкері. 1996-2000 жылдары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірінші проректоры, ректоры. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығының директоры. 2001-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры. 2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестациялау комитетінің төрағасы. 2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2010 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы. 2012 - 2016 жылдары – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры. 2017-2018 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы. 2018-2021 жылдары – Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры. Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың наурызынан.
«Құрмет» орденімен наградталған. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының П.Л.Капица атындағы естелік медалімен марапатталған.
61 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Вячеслав Васильевич САЛИЙ дүниеге келген.
Қостанай облысында туған. Свердловск заң институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1987-1988 жылдары – Урицкий аудандық сотының судьясы. 1988-2000 жылдары – Қостанай облыстық сотының судьясы. 2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының кеңесшісі. 2002-2007 жылдары – Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы. 2007-2013 жылдары – Астана қаласы сотының судьясы. 2013-2014 жылдары – Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы. 2014-2019 жылдары – Астана қаласы сотының судьясы.
Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың желтоқсан айынан.
56 жыл бұрын (1966) «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Талғат Файзуллаұлы ЕРҒАЛИЕВ дүниеге келді.
Целиноград облысында туған. Агротехникалық университетті «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1983-1984 жылдары – «Ленин жолы» кеңшарының механизаторы. 1991-1992 жылдары – ҚазАТУ КЖжКББ факультеті деканының орынбасары. 1993-1999 жылдары – сауда компаниясының директоры. 1999-2001 жылдары Қарашығанақ кен орнындағы құрылыста әртүрлі қызметте жұмыс істеді. 2002-2003 жылдары – «Біржолғы талондар беру орталығы» МКК директоры. 2003-2004 жылдары – «Металлстройсервис» ЖШС директоры. 2004 жылы құрылыс компаниясының жоба менеджері болды. 2007-2010 жылдары – құрылыс компаниясының басшысы. 2012-2016 жылдары – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.
«Қазақстан Республикасыңың тауелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасыңың тәуелсіздігіне 30 жыл (2021) медальдарымен марапатталған.
44 жыл бұрын (1978) «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» КЕАҚ басқарушы директоры Вячеслав Валентинович ПАЩЕНКО дүниеге келген.
Алматы мемлекеттік университетінің орыс филологиясы факультетін, қаржы және несие мамандығы бойынша Экономика және құқық академиясын бітірген (2005).
Еңбек жолы: ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі; «Бизнес-Партнер» экономикалық мультимедиялық порталының бас редакторы; «Интерфакс-Казахстан» бас редакторы. «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы (2016-2021 жж) болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.