15 шілде. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 шілде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі. Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын және Мәскеу Экономика және статистика университетінің Қашықтан оқыту институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1980-1986 жылдары – Мәскеу облысындағы СССР ҒА Биофизика институтының стажер-зерттеушісі, аспиранты. 1986-1994 жылдары – Н. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының оқытушысы, доценті, деканы, проректоры. 1994-1996 жылдары – Ресей ҒА Жасуша биофизикасы институтының аға ғылыми қызметкері. 1996-2000 жылдары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірінші проректоры, ректоры. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығының директоры. 2001-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры. 2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестациялау комитетінің төрағасы. 2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2010 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы. 2012 - 2016 жылдары – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры. 2017-2018 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы. 2018-2021 жылдары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры. Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың наурызынан.
«Құрмет» орденімен наградталған. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының П.Л. Капица атындағы естелік медалімен марапатталған.

Қостанай облысында туған. Свердловск заң институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1987-1988 жылдары – Урицкий аудандық сотының судьясы. 1988-2000 жылдары – Қостанай облыстық сотының судьясы. 2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының кеңесшісі. 2002-2007 жылдары – Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы. 2007-2013 жылдары – Астана қаласы сотының судьясы. 2013-2014 жылдары – Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы. 2014-2019 жылдары – Астана қаласы сотының судьясы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (12.2019-05.12.2022).
Қазіргі қызметін 2022 жылдың желтоқсанынан атқарып келеді.

Целиноград облысында туған. Агротехникалық университетті «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1983-1984 жылдары – «Ленин жолы» кеңшарының механизаторы. 1991-1992 жылдары – ҚазАТУ КЖжКББ факультеті деканының орынбасары. 1993-1999 жылдары – сауда компаниясының директоры. 1999-2001 жылдары Қарашығанақ кен орнындағы құрылыста әртүрлі қызметте жұмыс істеді. 2002-2003 жылдары – «Біржолғы талондар беру орталығы» МКК директоры. 2003-2004 жылдары – «Металлстройсервис» ЖШС директоры. 2004 жылы құрылыс компаниясының жоба менеджері болды. 2007-2010 жылдары – құрылыс компаниясының басшысы. 2012-2016 жылдары – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.
«Қазақстан Республикасыңың тауелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасыңың тәуелсіздігіне 30 жыл (2021) медальдарымен марапатталған.

Қарағанды облысының Ұлытау ауданының Аманкелді ауылында туған. 1995 жылы – Жезқазған педагогика институтын «қазақ тілі және әдебиеті мамандығы» бойынша бітірген. 2005 жылы – Қарағанды қаржы институтын «есеп және аудит мамандығы» бойынша тәмамдаған.
1995-1996 жылдары - Жезқазған облыстық тілдер басқармасында мемлекеттік тіл бөлімінің жетекші маманы. 1996-1997 жылдары - Жезқазған облыстық халықты әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының зейнетақы қоры ісі бөлімінің I санатты маманы. 1997-2002 жылдары - зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының (ЗТМО) Жезқазған қалалық филиалында бас маман, операциялық бөлім бастығы, төлемдер бөлімінің бастығы. 2002-2003 жылдары - Жазқазған қаласында «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ өкілдігінің директоры. 2003-2004 жылдары - ЗТМО-ның Қарағанды облыстық филалының Жезқазған қалалық бөлімінде басшы. 2004-2006 жылдары - ЗТМО-ның Қарағанды облыстық филалының Сәтбаев қалалық бөлімінде басшы. 2006-2007 жылдары - Жезқазған қаласындағы «Асар» РОО өкілеттігінің директоры. 2007-2011 жылдары - ЗТМО Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары. 2011-2014 жылдары - ЗТМО Алматы қалалық филиалы директоры. 2014 жылдың қыркүйегі - 2019 жылдың сәуірі - ЗТМО РМҚК бас директоры.
2019 жылдың 25 сәуірінен – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқарма төрағасының орынбасары.