15 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 15 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.30-да Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде – Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» қойылымы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар