15 шілде. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 15 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

77 жыл бұрын (1947) »Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту қазақстандық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы АЙЫМБЕТОВ дүниеге келді.

календарь
Фото: zhkh.kz

Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Жетікөл кеңшарында туған. 1969 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1969-1981 жылдары ҚазКСР Қаржы министрлігінің бақылау-тексеру басқармасы жергілікті бюд-жеттерді және бюджеттік ұйымдарды тексеру бөлімінің бақылаушы-тексерушісі, аға бақылаушы-тексеруші, бас бақылаушы-тексеруші, бөлім бастығы, 1981-1990 жылдары ҚазКСР Қаржы министрлігінің бақылау-тексеру басқармасы бастығының орынбасары, 1990-1991 жылдары ҚазКСР Қаржы министрлігінің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру басқармасының бастығы, 1991-1992 жылдары ҚазКСР Қаржы министрлігінің Бас бюджет басқармасының бастығы, 1992-1995 жылдары ҚР Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің төрағасы, 1995-1996 жылдары — ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған. 1996-1997 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары, 1997-1998 жылдары «Қазақстанаудит» АК президентінің кеңесшісі, 1998-2001 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2001-2002 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, 2002 жылы ҚР Әділет вице-министрі лауазымын атқарған. 2002-2007 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметінде болды.


«Құрмет» және «Парасат», ІІІ дәрежелі «Парасат» ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.

66 жыл бұрын (1958) Қарағанды индустрия университетінің басқарма төрағасы — ректоры Болатбек Серікбайұлы ӘБДІРАСЫЛОВ дүниеге келді.

календарь
Фото: tttu.edu.kz

Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты. ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі. Н. В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын және Мәскеу Экономика және статистика университетінің Қашықтан оқыту институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1980-1986 жылдары Мәскеу облысындағы КСРО ҒА Биофизика институтының стажер-зерттеушісі, аспиранты, 1986-1994 жылдары Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының оқытушысы, доценті, деканы, проректоры, 1994-1996 жылдары Ресей ҒА Жасуша биофизикасы институтының аға ғылыми қызметкері, 1996-2000 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірінші проректоры, ректоры қызметін атқарған. 2000-2001 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығының директоры, 2001-2004 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры, 2004-2007 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестациялау комитетінің төрағасы, 2007-2010 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2010 — 2012 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы, 2012 — 2016 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, 2017-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, 2018-2021 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметінде — 2021 жылдың наурызынан.

«Құрмет» орденімен наградталған. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының П. Л. Капица атындағы естелік медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар