15 жасар жасөспiрiм өзiн-өзi атып өлтiрдi
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Алтай республикасында 15 жасар баланың өзiне өзi қол жұмсау фактiсi бойынша қылмыстық iс қозғалды.
Таратылған мәлiметтерге қарағанда, өз үйiнiң алдында Майма ауылының 8-сынып оқушысы 15 жасар жасөспiрiмнiң мәйiтi табылған. Ол әкесiнiң мылтығын алып, өзiне-өзi қол жұмсаған. Қазiргi уақытта РФ Қылмыстық кодексiнiң 110 бабы, өзiне өзi қол жұмсауға итермелеу бойынша қылмыстық iс қозғалды, деп хабарлайды rosbalt.