15 жастағы мектеп оқушысы Бейжіңде Miss Bikini Universe-2016 байқауында Қырғызстанның намысын қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 жастағы мектеп оқушысы Саадат Асылбекова «Мисс бикини Қырғызстан 2016» титулын жеңіп алды, енді ол Бейжіңде Miss Bikini Universe-2016 байқауында елдің намысын қорғайды.

  15 жастағы мектеп оқушысы Бейжіңде Miss Bikini Universe-2016 байқауында Қырғызстанның намысын қорғайды

 «Кеше, 27 шілдеде елордалық отельдегі бассейнде «Мисс бикини Қырғызстан 2016» байқауының финалы өтті. 13 қатысушы титулға таласты, деп хабарлайды КирТАГ.

  Байқау бірнеше кезеңнен тұрды.

12 әділқазы мүшесі оларға баға берді.  Көрермен көзайымы жүлдесін  1 нөмірлі Айнұр Рысбекова алды. Вице-ару атағын  Екатерина Руденко, Анжелика Чернецкая, Елена Рылова мен Анжелика Матебете (бірінші вице-ару) еншіледі.

Бас жүлдені америкалық Орталық Азия  университеті жанындағы мектептің 15 жастағы 9 сынып  оқушысы Саадат Асылбекова жеңіп алды.  Енді ол Бейжіңде Miss Bikini Universe-2016 байқауына Қырғызстанның атынан қатысады.