15 жастағы мектеп оқушысы теракт жасауға дайындалғаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық 15 жастағы мектеп оқушысы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Тергеу анықтағандай, аты аталмай отырған жасөспірім интернет арқылы он сегіз жастағы Севдет Бесим есімді австралиялық жихадшымен байланысқа шыққан.
None
None

Олар Мельбурнде әскери мемориалдың жанында өтетін шеруде дінаралық кикілжің ұйымдастыруға әзірленіп жатқандықтары жайында хабарлаған.

Британдық ұйымдастырушы рөлін атқарса, ал 18 жастағы австралиялықтың орындауы керек. Севдет Бесим полицейлерге шабуыл жсауы тиіс болған. Олар ең кемінде полицейлердің біреуін көлікпен қағып, қылышпен басын шауып тастауды көздеген, деп хабарлайды Би-би-си.

Соңғы жаңалықтар
Референдум