15 желтоқсан күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Астана
Фото: Kazinform

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 15 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады. 

9.45-те Түркі Академиясы әзербайжандық ғалым, көрнекті түрколог, академик Зия Буниятовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Академик Зия Буниятов және оның түркітануға қосқан үлесі» атты басқосу өткізеді.

10.00-де EXPO халықаралық көрме орталығында «Жаңа жыл Fest&Gastromania» жаңажылдық жәрмеңке-фестивалінің ашылуы өтеді.

11.30-да Astana Hub орталығында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен «Цифрлық даму министрлігінің цифрлары: жыл қорытындысы» атты БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтеді.

12.00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығында БАҚ-қа арналған баспасөз конференциясы өтеді, онда ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев тауар биржаларының дамуы туралы әңгімелейді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнайы әлеуметтік төлем енгізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Жақыпова Светлана Қабыкенқызы. Сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Алтайдан ауған ел» драмасы қойылады.

19.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Ана үміті» қойылымының премьерасы өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Үнсіздік» перфомансы қойылады.

Соңғы жаңалықтар
telegram