15 желтоқсанда еліміздің екі қаласында ауа ластанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» мамандары 15 желтоқсан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15 желтоқсанда еліміздің екі қаласында ауа ластанады

Кәсіпорынның мәліметінше, сейсенбі күні еліміздің екі қаласында - Ақтөбе мен Шымкентте қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.