15 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 15 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.30-да ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Qazaqstan Project Management Awards – 2021» II Ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
11.00-де Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия отырысы аясында Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Рахметуллин мен Мемлекеттік хатшының көмекшісі Д. Лу баспасөзге мәлімдеме жасайды.
11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жастардың, тәуелсіздік құрдастарының қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздіктің тастүлектері» атты әдеби-сазды кеш өтеді.
13.00-де «UMC» корпоративтік қорында Республикалық диагностикалық орталық пен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы ғимараттарының арасын жалғайтын өткелдің ашылу салтанаты болады.
16.00-де Қазмедиа орталығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтеді.