15 жылда алғаш рет «Бурабай» ұлттық паркінде бірде-бір өрт фактісі тіркелген жоқ

АСТАНА. KAZINFORM — 15 жылда алғаш рет «Бурабай» ұлттық паркінде өрт қауіпті маусымда бірде-бір өрт фактісі тіркелмеген. Бұл туралы «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі мәлім етті.

Бурабай
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

— 4 қарашадан бастап «Бурабай» МҰТП мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт қауіпті кезең ресми түрде аяқталды. 15 жылда алғаш рет ұлттық парк аумағында бірде-бір өрт болған жоқ, — делінген хабарламада.

монитор
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

 

Естеріңізге сала кетейік, «Бурабай» ұлттық паркі — табиғи байлықты өрттен сақтау үшін Smart National Рагк Burabay цифрлық мониторинг жүйесін пайдаланатын еліміздегі жалғыз парк. Бұл «ақылды» жүйе іске қосылғаннан бері тілсіз жаудан келетін залал ондаған есе азайтты.

​Өрт қаупі күшейген маусымда жедел басқару орталығының 9 қызметкері Smart-жүйенің камералары мен сигналдарын бақылай отырып, тәулік бойы жұмыс істегенін атап өткен жөн.

​Жыл басынан бері Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау үшін 309 рейд жүргізді. Жүргізілген рейдтер кезінде демалушылармен және жергілікті тұрғындармен түсіндірме әңгімелер өткізілді.

Бұған дейін Бурабай ұлттық паркінің мамандары қалай жұмыс істейтінін көрсеткен едік.

Соңғы жаңалықтар