15 жылда чехиялық компаниялар Қазақстан экономикасына 270 млн доллар инвестиция салды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы 15 жылда чехиялық компаниялар біздің экономикамызға 270 млн доллар инвестиция салды. Чех-Қазақстан бизнес-формуына қатысқан Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Соңғы 15 жылда чехиялық компаниялар біздің экономикамызға 270 млн доллар инвестиция салды. Оның 5/1 соңғы жылдарға тиесілі. Қазіргі уақытта Қазақстанда 200 чехиялық компания жұмыс істейді», - деп тоқталды Премьер-Министр бизнес-форумның ашылу салтанытында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы өткен жылы Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 67%-ға өскенін атап өтті.

«Чех Республкасы біздің еліміздің Еуропалық одақтағы ең ірі серіктесіміздің бірі. Былтыр екіжақты тауар айналымы 67%-ға өсті. Бұл жоғары көрсеткіш биыл да сақталып отыр. Мәселен, қаңтар-ақпан айларында өзара тауар айналымының көлемі екі есе артты», - деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, бүгін елордада Чех-Қазақстан бизнес-формуы өтіп жатыр. Оған екі елдің Үкімет басшылары, компания өкілдері мен инвесторлар қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар