15 жылда Травматология және ортопедия ҒЗИ-да 126 мыңнан астам адам емделді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 жылда ҚР ДСӘДМ Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында (бұдан әрі - ТОҒЗИ) 126 мыңнан астам адам емделді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Орталық аудандық, қалалық және облыстық ауруханалар деңгейінде сүйек-бұлшықет жүйесі зақымдалған, термиялық және химиялық күйікке шалдыққан ауруларды қарау және емдеу стандарттары әзірленді. Травматология, ортопедия, термиялық жарақат, жақ-бет жарақаты, политравма, нейротравма, жан сақтау, микрохирургия, ревматология және оңалту бойынша диагностикалау мен емдеудің 45 медициналық-экономикалық хаттамалары жасалды.

2006 жылдан бері институтта ірі буындарға остеосинтез, артроскопия, эндопротездеу жасайтын заманауи аудио- және бейнежүйемен, құралдармен және муляждармен жабдықталған мамандарды диппломнан кейін дайындау орталығы жұмыс жасайды. ТОҒЗИ тұрақты түрде жақын және алыс шетелден жетекші мамандарды шақырумен шеберлік кластарын, семинар-тренингтер, конференциялар өткізіп тұрады.

2014 жылы институттың базасында Ірі буындарды эндопротездеу республикалық орталығы ашылды. Кішіинвазивтік және ревизиялық эндопротездеу, ұршық және тізебуындардың онкопротездері енгізілді.

Қазіргі кезде ТОҒЗИ-да  ұршықбуын эндопротезінің әлемдік өндірісінің 30 моделі сынақтан өтіп енгізілді, ірі буындардың 7500 эндопротезі қойылды. Белгілі модельдермен қатар институтта Н.Батпеновтың цементсіз бекітетін ұршықбуын эндопротезінің моделі қолдануда. Бұл протездердің шығарылуы Германияда K-Implant компаниясымен жүзеге асырылады.

2015 жылы ТОҒЗИ ұжымы ұршықбуын хирургиясында эндопротездеуді қолдануда инновациялық технологияларды жасап енгізуге арналған жұмыстардың топтамасы үшін  ғылым мен техника саласындағы аль-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

2006 жылы ТОҒЗИ-да республикада алғаш рет  Артроскопия және спорттық жарақат бөлімшесі құрылды, ал 2014 жылы оның базасында Артроскопия және спорттық жарақат орталығы ашылды.  Онда жыл сайын ірі буындарға 1500 астам  артроскопиялық араласулар орындалады.

Гранттық қаржыландыру шеңберінде тізебуын шеміршегі патологиясында, сүйек тіні ақауында жасушалық технологиялар әзірленуде.

Жеке және көптеген жарақаты бар ауруларды емдеуде остеосинтездің кішіинвазивтік әдістері аурулар стационарға түскен бір сағат ішінде жасалады. Бұл  бұғанасы, білегі, тобығы сынған ауруларды стационарлық емдеу мерзімін 5 күнге дейін қысқартуға, гипстік иммобилизациялауды болдырмауға және оңалтуды ертерек бастауға мүмкіндік береді.

Бірқатар ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде емдеудің жоғарытехнологиялық әдістерін енгізумен қатар ТОҒЗИ қызметкерлері аяқ-қол сүйектері сынғанда остеосинтез жасау үшін  жаңа констукцияларды, импланттарды жетілдіріп әзірледі. Олар алғаш рет қазақстандық зауытта шығарылды.         

Бүгінгі күні институт жақын және алыс шетелдің 25 жетекші травматология және ортопедия орталықтарымен қарым-қатынаста. Соның арқасында АҚШ, Испания, Австрия, Швейцария және Германияда өткізілетін диагностикалау мен емдеудің заманауи технологияларға үйрететін тренингтер мен семинарларда институттың мамандары мен ғылыми кадрларының дайындығы жүргізіледі. Осы жылдары Еуропа мен АҚШ-тың үздік клиникалары базасында 100-ге жуық маман оқытылды. 

Соңғы жаңалықтар