150 келі героин тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша кеденшілері 150 келі героин тәркіледі. 300 пакетке бөлініп салынған есірткі Украинадан Польшаға бара жатқан жүк машинасынан табылған.

150 келі героин тәркіленді

Бұл туралы польшалық қаржы министрлігінен хабарлады.

Жүк көлігі екі елдің арасындағы шекарада орналасқан Медыка пунктіне жақын маңда тоқтатылып, тексерілген. Польша қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, бұл соңғы жеті жыл ішіндегі аса қомақты ауыр есірткінің тәркіленуі.

Оның «қара» базардағы бағасы шамамен 10 млн. долларды құрайды.