150 мың долларға автомобиль нөмірін сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцария тұрғыны елдің оңтүстік-батысында Вале кантонының билігі ұйымдастырған аукционда VS 1 автомобиль нөмірін 158 мың долларға сатып алды.

150 мың долларға автомобиль нөмірін сатып алды

Бұл туралы сәрсенбі, 15 наурыз күні өңірдің әкімшілік сайтында хабарланды.

Анықталғандай, бұл Швейцариядағы көлік құралының тіркеу белгісі үшін бұрын-соңды төленген ең қымбат баға болды. Нөмір сатылымға 15 ақпан күні қойылған, бір ай өткеннен кейін жеңімпаз анықталды.

Бұл белгі Вале (Valais) өңірін білдіретін VS әріптерінен және 1 санынан тұрады. Дәл осы «бір» нөмірі үшін 17 адам таласты.

Сатып алушының есімі мен жынысы нөмірді тіркеу барысында белгілі болады.