1500-ден астам мәліметтер жиынтығы Қазақстанның ашық мәліметтер порталында қолжетімді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1500-ден астам мәліметтер жиынтығы Қазақстанның ашық мәліметтер туралы data.egov.kz порталында қолжетімді. Аталған көрсеткіштің жартысына жуығы data.egov.kz сайтына өткен айда орналастырылған, ал шілде айының бірінші аптасында мемлекеттік органдар тағы да қосымша 150 ашық мәліметтер жиынтығын орналастырған.
None
None

Айта кетерлігі, портал арқылы азаматтарорталық мемелктетік органдар, жергілікті атқарушы органдар ұсынатын  өзекті ақпараттармен таныса алады. Қазіргі күні порталға 32 мемлекеттік органның мәліметтері орналастырылған. Мәселен, Қазақстанның Ұлттық банкі ақша аударымдары бойынша банктераралық статистика туралы мәліметтерді, ал Ұлттық экономика министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы үшінші елдерге қатысты арнайы қорғаныс, антидемпингтік және өтемақылық шаралар туралы мәліметтер берілген. Әкімдіктер әлеуметтік нысандар, туристік маршруттар, өнеркәсіптік өңірлер туралы ақпараттарымен бөліседі

«Айта кетерлігі, ашы мәліметтер - Мемлекет басшысы айқындаған  «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы «Ашық Үкімсет» бойынша енгізілетін компоненттердің бірі.  Ашық мәліметтер порталында одан әрі  авторлық құқықтық, патенттік және бақылаудың басқа тетіктерінің шектеуінсіз қайта жариялауға болатын мемлекеттік органдар мәліметтері беріледі.

Соңғы жаңалықтар