152 рет қан тапсырған зейнеткер "Жылдың қайырымды адамы" атанды

АЛМАТЫ. 28 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 1959 жылдан бері Қан орталығының доноры болып келген зейнеткер «Бауыржан» қайрымдылық қорының "Алтын жүрек" сыйлығының иегері атанды.

152 рет қан тапсырған зейнеткер "Жылдың қайырымды адамы" атанды

"Бұл жалғыз маған еме, Қан орталығындағы бүкіл донорға көрсетілген құрмет. Мен 54 жыл бойы жылына 6 рет қан тапсырдым. Өмір деген өзен екен. Сол өзен ағып тоқтамайынша мен қан бере берем. Өмірім үзілмей, үмітім ешқашн үзілмейді", - дейді Қалиша Тұрысбекова. Донорлық қозғалыстың белсенді насихаттаушысы өзгелерге көмек көрсетуден ешқашан бас тартып көрмепті. Қанға мұқтаж адамдарға көмек қажет кезде алғашқылардың бірі болып қол ұшын созатын ардагердің жомарт жүрегінің арқасында тағдыры қыл үстінде тұрған көптеген адамдардың өмірі сақталып, науқас жандар денсаулығын оңалтқан.