11:06, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
153 қазақстандық Якутскіде «Азия балалары» ойындарына қатысады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 153 адамнан тұратын қазақстандық делегация Якутскіде он бір спорт түрі бойынша «Азия балалары» ойындарына қатысады, деп хабарлады ЯСИА агенттігі.

Қазақстан құрама командасы - жарыстың тұрақты қатысушысы, Якутскіге көп жас спортшы әкелетін аз елдердің бірі. Қазақстан үнемі жоғары орындар үшін таласқа түседі. Сонымен, 2008 жылы өткен IV ресми емес командалық есепте жас қазақстандық спортшылар екінші орын, 2012 жылы 70 медальдан артық ұтып, құрметті үшінші орынды иеленген.
Бұл жолғы «Азия балалары» VI ойынына Қазақстан 150-ден астам спортшы қатысады. Оның 121-і жастар. Таяу күндері «Азия балалары» ойындарының халықаралық комитетіне қатысушылардың нақты құрамымен ресми растау келді. Бағдарламадағы 22 спорт түрінің 11-іне қазақстандық спортшылар қатыспақ.